Президент тапсырмасымен еліміз бойынша аясында соңғы екі жылда 500 жаңа білім беру нысаны бой көтерді. Оқу ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, “2023 жылы 165 мектеп, 2024 жылы 257 білім ошағы салынса, “Жайлы мектеп” бағдарламасы аясында 105 мектеп бой көтерді.
2024 жылы 254 мектепке күрделі жөндеу, 1 000 ауыл мектебіне кешенді модернизациялау жүргізілді, 1 700-ге жуық заманауи пәндік кабинет сатып алынды, 2 мыңнан астам орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл 1300 мектепті жаңарту басталды. Бұл жұмыс 2027 жылға дейін аяқталуы тиіс. Кешенді жұмыс 2027 жылы еліміздегі 8000 мектептің барлығын "Жайлы мектептер" стандартына сәйкестендіру үшін жасалуда.
Алайда, іс жүзінде кейбір өңірлер инфрақұрылымды толыққанды модернизациялауды жүргізбей отыр. Мәселен, Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тек кітаптар мен мектеп жиһаздарын сатып алумен шектелген.
Білім басқармаларының басшылары білім беру объектілерін салуға, модернизациялауға және жекеменшік мектептер ашуға деген қажеттілікті анықтау мәселесін егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Бұл мәселе біздің министрліктің ерекше бақылауында болады”дейді.
Астанаға іргелес орналасқан Ақмола облысының Қоянды ауылына да “Жайлы мектеп” бағдарламасы бойынша 2000 орындық мектеп салына бастағанда ауыл тұрғындарының төбесі көкке жетіп, қуанған еді.
Қазіргі таңда 30 мыңнан астам тұрғыны бар ауылға жаңа мектеп ауадай қажет. Қояндыда ресми тіркелген 6 мыңнан астам тұрғын болса, қалған 24 мыңнан астамы Астана қаласына тіркелген. Бұл мәселе ауылдың инфрақұрылымын дамытуға едәуір кедергі келтіреді.
Себебі бюджет қаражаты тек осы 6 мың тұрғынға ғана шектеліп бөлінеді. Кезінде Қосшы ауылы да осындай күй кешіп, ақыры халқы жаппай тіркеуге тұрып, тұрғындар саны 50 мың адамнан асқан соң қалаға айналып кетті емес пе?
Қояндылықтар да осындай әрекетке көшіп жаппай тіркелсе бөлінетін бюджетте басқа болар еді. Жол да, су да, жарық та тартылып, жаңа нысандар бой көтерер еді. Негізгі айтпағызымыз бұл емес. Сонымен Қояндыда әупірімдеп салынған мектепті ашайын десе Оқу ағарту министрлігінің мемлекеттік білім беру лицензиясын алмаған болып шықты. Ол аз болғандай тұрғындардың айтуынша жаңа мектептің құрлысынан түрлі ақаулар шығып жатқан көрінеді. Мәселенің мән жайын білмек болып Целиноград ауданының білім бөлімінің бастығына телефон шалып едік көтермеді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша бұрын Қоянды №2 мектебінің директоры болған, қазіргі Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Батырғали деген азамат өзінің бұйрығымен сонау Қызылордадан осы жаңа “Жайлы мектептке” директоры ретінде Шамұратов Рысжан Шерниязқызы деген “Дарын” мектебінің директорын аттай қалап алдырыпты мыс. Тіптен мектептегі жүзден астам мұғалімдердің қарсылық хатына да пысқармастан бұйрық шығарып қойыпты деседі. Енді біздің сұрағымыз: Біріншіден, салынған жаңа мектептің лицензиясы болмаса білім беру жұмыстарын жүргізуге құқылы ма?
Екіншіден, бұрыңғы тәжірбиелі мектеп директоры Шәку Сәкен мырза несімен ұнамай қалды? Оны ауыстырудың не қажеттілігі туындады?
Үшіншіден, Қоянды ауылындағы жүздеген мұғалім ішінен жергілікті халықтың психологиясын түсінетін директор болатын адам табылмады ма?
Міне осы сұрақ төңірегінде мазасы кеткен ауыл тұрғындары редакциямызға қоңырау шалып, көмек сұрауда.
Тіпті жүзден аса мұғалім қол қойған хатта Ақмола облыстық білім басқармасының басшысына жолданған екен. Жақында тағайындалған Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы шара қолдана ма? Мәселе шешілмесе Облыс әкіміне , оқу ағарту министріне дейін барамыз деп отырған ауыл тұрғындарына аудандық немесе облыстық білім басқармасының басшылары келіп неге ұстаздармен кездесіп, мәселені түсіндірмейді?
Біресе су тасқыны, біресе жер дауы енді міне білім саласындағы бітпес дауларды қолдан жасап отыратын атқамінерлердің көздеген мақсаты қандай? Қашанда қандастар шоғырланған ауылды даушылдар ауылы деген түсінікпен қырың қарап жүре бере ме?
Иә, барлық білім нысаналарын тікелей ауданға емес облысқа бағындырып тастаған реформа еш нәтижесіз болды. Миллиардтаған суммалар еліміз бойынша бір ғана бухгалтердің қолымен ұрланып, дүйім елге масқара болды. Мемлекеттің білім саласына, болашақ ұрпақтың білімін жетілдіруге берген қавражатын қымқыру тоқтар емес. Антикордың әрьір жаңалығын естігенде жағамызды ұстайтын болдық.
Президентіміз ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайын дұрыстауымыз керек деп, мллиардтаған қаражат бөліп мектептер мен ауруханалар салып, ел игілігне жұмсалса екен деп жүрсе, жергілікті шенеуніктердің шетінен мүжіп, қалтасын қампитып жатқан азғындық емей немене?
Тобықтай сөздің түйіні Целиноград ауданының білім бөлімі, Ақмола облыстық білім басқармасы орын алған жағдай бойынша түсініктеме береді деген сенімдеміз.
Munarmedia.kz