Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Прощай, Вася! Орыстар Қазақстаннан көшіп жатыр...

27


Атажұртына қоныс аударып жатқан орыстардың саны жөнінен Қазақстан көш бастап тұр екен. 

Kommersant басылымының дерегінше, былтыр Ресейге қоныс аударған жалпы саны 31 мың адамның 35 пайызы, былайша айтқанда әрбір үшінші адам Қазақстаннан келген.

2006 жылдан бері Ресейде Путиннің бастамасымен құрылған арнайы  бағдарлама жұмыс істейді. Жобаның мақсаты КСРО тарағаннан кейін сыртта қалған орыстарды Ресейге қайтару. 

Атамекеніне оралған орыстарға Ресей үкіметі бірқатар жеңілдік береді, тұрақты тіркеуге тұрғызады, қаржылай қолдау көрсетеді. 

Кремльді басқыншы деп есептейтін мемлекеттер де орыстарды сыйғызбай жатқанға ұқсайды. Балтық елдерінен "елім-айлап" оралып жатқан орыстардың үлесі біртіндеп ұлғаю үстінде екен.  

"Ресейге көшіп келгендер тегін адам емес! Олар президент Путиннің Украинадағы әскери операциясын толық қолдайтын, ресейшіл ұстанымдағы саяси белсенді аудитория", - деп улап-шулап жатыр Кремль пропагандасы.