Мәскеу
үшін Пезешкиян - болашаққа төнетін қауіп. Оны билікке өзгеріс қалағандар
әкелді. Оның ішінде Ресейге қарсы ноталар да бар.
Президент
Масуд Пезешкиянның Иран президентін сайлаудағы күтпеген жеңісі ирандық
консерваторлардың лагерінде ішкі қақтығыстар салдарынан орын алды. Өзара
ауызбірлік пен келіспеушілік салдары және сыртқы саясаттағы Батыс пен Ресей
арасындағы қатынаста ортақ тіл табыса алмау нәтижесінде орын алды.
Алайда. Иран
президентінің ауысуы Ресей-Иран қарым-қатынасына тікелей қауіп төндірмейді.
Алайда, президент Масуд Ресеймен бұрыңғы
саяси стартегиялық қатынастарды жалғастыратынын және Ресейдің Иранға қиын
кездерде көмектескенін ешқашан ұмытпайтынын шегелеп тұрып айтып екі ел
арасындағы қарым-қатынасты болжаған талаудаларға нүкте қойғандай болды.
Иран
билігінің барлық тармақтарында консерваторлардың жаппай үстемдігі бар болғаны
үш жылға созылып, реформатор Масуд Пезешкиянның президенттік сайлаудағы
күтпеген жеңісімен тоқтатылды.
Небәрі үш
жыл бұрын 2021 жылы Эбрахим Раиси Иранның президенттігіне келгенде
консерваторлар жүйені түбегейліөз қолдарына алғандай сезілген. Наурызда өткен
Парламент сайлауы да бұл күдікті растағандай болды. Бар жоғы 299 орынның 233
консерваторлар иемденген еді. .
Әрине,
Иран сайлауын «адал», «ашық» және «еркін» деп атауға болмайды. Солай бола тұрса
да интригалар мен саяси ойындармен бәсекелестік орын алғаны рас.
Бұл жолы
консерваторлар өзара келіспеушілік нәтижесінде бір ғана кандидатты ұсына
алмады.
Екінші турда
консерваторлардың үміткері Ғалибафтың
жақтаушыларының бір бөлігі Жалилиге билікпен ымыраға келе алмағаны үшін ренжіп,
реформатор Пезешкиянды қолдауға шақырды.
Бұл
араздықты рухани көшбасшы Әли Хаменеи оңай тоқтата алар еді, бірақ ол үнсіздік
танытты. Оны реформатордың жеңісі тұтастай қанағаттандырған сияқты. Нәтижесінде
Пезешкиянның жеңісі иран халқының таңдауы болып шықты. Билік оған кедергі
келтірмеді.
Сондай-ақ,
Пезешкиян пайдасына этникалық факторда зор әсер етті. Екінші турда елдегі әзербайжандар
мен күрттер басым провинцияларда белсенді дауыс берді. Себебі, кандидат
реформаторлардан өзінің күрд-әзірбайжан тектес екенін жасырмайды және екі тілде
де сөйлейді.
Нәтижесінде
Шығыс және Батыс Әзірбайжанда, сондай-ақ Күрдстанда Пезешкиян төрт есе көп
дауыс жинады.
Дегенмен,
оның жеңісінің басты себебі Иран қоғамындағы өзгерістер жасауға құлшынысы
болды. Нәтижеге қарасақ, бұл жолы тіпті әскерилер, шенеуніктер және басқа да
әдетте консерваторларды қолдайтын топтар реформаторлардың кандидатына белсенді
дауыс берді.
Иранның
өзгерістерді қалаған тобының басты мақсаты сыртқы саясаттағы оқшаулаудан шығу. Пезешкиян Еуропамен қарым-қатынас орнатуға
және АҚШ-пен шиеленістен аулақ болуға ашық шақырды.
Сонымен
қатар «Батыспен қатынасты жақсарту» - бұл нақты бағдарламадан гөрі әдемі ұранға
айналып үлгерді.
Иран шын
мәнінде батысқа ат басын бұратыны белгісіз. Жыл сайын көбейіп жатқан санкциялар
экономиканың еркін дамуына кедергі келтіріп келеді. Ядролық қарудан бас тарту Иран тәуелсіздігіне
қауіп төндіреді.
Сондықтан,
Батыс пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы сайлау алдындағы уәделерден
кейін Пезешкиян Владимир Путинмен бірден телефон арқылы сөйлескені таң
қалдырмайды. Иран батыспен қазан айында ұзақ мерзімді стратегиялық
ынтымақтастық туралы келісімге қол қоятын болады деп уәде берді.
Осы
тұрғыдан алғанда Пезешкиянның Ресеймен саяси-экономикалық, әскери
қарым-қатынасты тоқтатпайды. Керісінше, таяу жылдары Тегеран, Мәскеумен және
Бейжіңмен қарым-қатынасты тереңдетуі мүмкін.
Ал Ресей
үшін ұзақмерзімді перспективалар аз. Ирандық реформаторлардың көптеген сайлаушылары,
сондай-ақ реформаторлық БАҚ Мәскеуді ресейлік және кеңестік империялардың
мұрагері ретінде қабылдайды. Билікке қарсы шыққандар арасында Ислам
Республикасының режимін Кремль қолдамаса, ол әлдеқашан құлаған болар еді деген
көзқарас бар.
Сондықтан таяу болашақта Ресей мен Иранның жақындасуына ештеңе қауіп төндірмейді. Тараптардың бір-біріне қажеттілігі мен сұранысы тым басым.
Асылбек Байжұмаұлы, саясаттанушы