Федералдық
тергеу бюросы Трампқа жасалған қастандық туралы есепті
жариялады, бірақ онда жаңа мәліметтер аз.
Федералдық тергеу бюросы Трампты атқан Томас Мэтью Крукс жасаған әрекетінің түпкі мақсатын зерттеуде. Сонымен қатар оның бұл терактіні
жасаудан бұрыңғы барлық жүріс, тұрысы, кездескен адамдары мен телефон байланысы
арқылы тілдескен адамдары туралы ақпараттар жинақтауда. Тергеу оның жалғыз
әрекет еткенін анықтаса да шабуылға итермелеген сыбайластары болуы мүмкін
дегенді жоққа шығармайды.
Крукс бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сатып алған қаруы заңды
болып шықты.
ФТБ қоғамға алаңдайтын мәселе жоқ екенін және барлығын бақылауда ұстап
отырғанын мәлімдеді.