Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап беделді халықаралық пәндік олимпиада, жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ-сыз ие бола алады. Мемлекеттік грант конкурсында балдардың теңдігі жағдайында басымдық «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Биыл 7 мыңнан астам «Алтын белгі» иегері бар. Өткен жылдан бастап әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз әңгімелесу арқылы тек ақылы негізде оқуға түсе алады немесе ЖОО-ның ішкі гранттарына үміткер болады.
Жыл сайын арнайы квота бөлінеді
