Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресей тарихшылары КСРО-дағы аштық Америкалықтардың бізге қарсы жіберілген жалған ақпарат дейді

43


13 желтоқсанда Луганскіде «Тарихи шындықты қорғауі және отандық тарихты бұрмалауға қарсы тұрамыз» атты білім беру салаларының қызметкерлері қатысқан форум өтті. Дискуссия барысында 1932-1933 жылдардағы Украинадағы Голодомор мен Қазақстандағы ашқтықты қолдан жасалған ұлтқа қарсы қылмыс деп айыптаудың  нақты негіздері жоқ деген  пікір айтылды. Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің аймақтық ынтымақтастық орталығының орынбасары Сергей Засорин Голодомор идеясы кеңес билігі тарапынан  украина және қазақ  халқын жою мақсатында ұйымдастырылды деген пікірдің АҚШ-та жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бұл идеяны бұрынғы Украина президенті Виктор Ющенко белсенді түрде қоғамға насихаттады деді.

Кеңес Одағының ашаршылығына қатысты танымал тарихшы В. Кондрашин «Бұл трагедия бірқатар факторлардың нәтижесі болды, оның ішінде кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығы саясаты да бар. Индустриализация кезеңінде шетелдерден құрал-жабдықтар мен станоктар сатып алу қажеттілігіне байланысты астықтың көп бөлігі экспортқа шығарылды. Бұған қосымша, қуаңшылық пен зиянкестердің көбеюі жағдайды одан сайын ауырлатты.

Ашаршылық кезінде тек украиндар ғана емес, орыстар мен басқа да халықтар да зардап шекті» деді.

2019 жылы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі осы тақырып бойынша теріс мәлімдемелерге қатысты ресми түсініктеме берген болатын. Ресей дипломаттары бұл оқиғаларды белгілі бір халықтарды жою мақсатында ұйымдастырылған әрекет деп қарастырудың негізсіз екенін және бұл арандатушылық Ресейге қарсы араздықты қоздыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Сонымен қазақ даласын шарпыған аштық салдары мен одан жазықсыз құрбан болған 4 млнға қазақтың көз жасы орыс шенеуніктері үшін жай ғана «құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат қажет» болғандықтан қырылып қалған екен. Бір емес миллиондаған халықты аштан өлтіріп, барынан айырған Кеңес Одағының қылмысы қазақ және украин халқының мәңгі жүрегінде сақталады. Кім не айтса да қазақ даласын шарпыған қасіретті 1932-1933 жылдар ешқашан ұмытылмайды. Тарихты ешкім өзгерте алмайды. Өзгертуге жол да берілмейді.

Асылбек Байжұмаұлы