Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Шенеуніктер президентсіз-ақ қиын шешімдер қабылдауды үйренуі керек

60


Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір мемлекеттік орган басшысы мұндай шешімдерді өз бетімен қабылдауы қажет.

« Мысалы, автобустың  жолақысын көтеру мәселесін алсақ.  Біз жауапкершіліктен қорықпай, өзіміз шешім қабылдап реформаларды жүзеге асыруымыз керек. Біздің шенеуніктер жауапкершілікті мойнына алудан қашып, жоғарғы инстанцияларға сілтей береді», – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар, ол елде мемлекеттік және институционалдық билік пен атқарушы аппаратты реформалау қажет деп санайды. Оның пікірінше, Қазақстанда мемлекет басты орынға ие және үлкен рөл атқарады. Онсыз бизнестің немесе қоғамның өзін-өзі өзгертуін күту қисынсыз болады.

Кез-келген деңгейдегі әкім, квазисектор басшылары өздері шешім қабылдағысы келмейді. Жауапкершілікті Президентке немесе Үкіметке тіреп қойып үндемей тасада қалуды көздейді. Президент бұл туралы бірнеше рет айтты. Алайда Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Президент тапсырмасы бойынша жасап жатқан реформасы көңіл көңшітпейді. Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей жасап жатқан шаралары мемлекетке қаншалықты зиян әкеліп жатқанын білмейді немесе білгісі келмейді. Өздігінен шешім қабылдай алмайтын кадрлар дегенміз білімнің және тәжрибенің жетіспеушілігі. "Жаңа Қазақстан" құрамыз деген желеумен өмірден де, қызметте де тәжірбиесіз жастарды басшылық қызметке қою арқылы жалтақтай беретін, өздігінен шешеім қабылдай алмайтын, "ләббай, тақсырлап" халықтың емес басшысының көңілін табуға тырысатын топты өсіріп келеді. Мұны арты "ағашкаларынан" көргенді істейтін шексіз бюрократтар мен жемқорларды тәрбиелеп алмасақ болғаны. Нақты қадам, нақты міндет, тәртіп болмаса мемлекеттің болашағы мұндай кадрлармен бұлыңғыр болары сөзсіз.