Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Сұраған Рахметұлы. От кешкен...

139


"Шуақ пен түнектің" жыршысы

Өмірден көп ақындар өтті. Азаппен. Саяси идеологиялық көзқарасы үшін әдейі жасалған нақұрыстардың тапсырысты  қысымынан да қатты соққы көрген дара жүйріктер болды. 

Олардың таланты мен тағылымды ғұмыры еді - "қасіреті".  Жазығы - "жақсы жазғанында..." болған сықылды.

Мишигийн Цэдэндорж (1932-1982) солардың бірі бірегейі болатын. 

Үкілі хаттағы ныспысы - "М.Ц" кейде "М.Зээхүү" деген бүркеншік есіммен жарияланып тұрған еді.


М. Цэдэндоржның ғажайып аударуымен авардың ұлы жазушысы Расул Гамзатовтың "Менің Дағыстаным" туындысы жарияланған. Мұндай аударма дәл осынау қиян дәуренде шығады деп кім ойлады!? "Менің Дағыстаным" шыға сала атақты мүсінгер, қазақтың зердеуи ойшылы Жанатхан Сағиданұлы жаңа аударма кітапты түп-түгел жаттап алған аңызы есімде!

Ақын заманында сабаз да сабырлы болған  деседі. Өзіне қарай атылған оқтардың түгелін елемеді. Еңбек етті. Мұнайды әрине. Қыңбады бірақ та ешқашан да түсіп бермеді де өзін өз биігінде "ұмытты"... 

Оның бір өлеңінің екі жолын ғана жұлып алып дұшпандары басын көтеруге шамасын келтірмей төпелегені бар. 

Оның "....болады, бәрі де болады өмірде..." деген жыр жолдарын әдейі тапсырыспен бұрмалап әдебиет алаңына енді қайтып жоламастай етуге шейін әрекеттер жасалды!!! Әйелі дүниеден өтіп жатқан азалы күндері "Жастар шыны" газетінен де қуылды!


Ақын, талант сорлы аласұрып отпен тыныстады!

Жазды, аударды, асып түсті. Тасыды, желдей есіпті!

Ол, Сергей Есениннің жырларын 1961 жылы құлшына аударды.

Американың еркін ойшыл ақындары Уолт Уитмэннің  "Шөппен жапырақ", Роберт Ли Фростның өлеңдерін, қазақтың бекзат бұла ақыны Олжас Сүлейменовтың "Арғымақтары", Литваның даңқты лирикі Э. Межелайтистің жырларын тәржімалап соңына өзінің жинақтама өлеңдерін топтап - "От тынысы" деп атады!

Теңдессіз аудармашы еді - "М.Ц".

Максим Горькиймен үнемі  "ауырды" да: "Мальва", "Үрей", "Адам", "Қаңтардың 9 жаңасы", "26 және жалғыз" туындыларымен текті оқырманды тәрбиеледі, кеңейтті, кенелдірді.

И.А. Крыловтан мысал "Ертегілер"

Қытайдың қаламгері Лу Сюнь "Туған ауылы"

Украин казакі сүгіреткер Тарас Щевченкодан  "Күң",

Кришна Чандрадан "Басы төмен қарай өскен ағаш" және  Шотландияның шомбал ойшылы Роберт Бернстен "Мұңсыз кепшіктер" деген туындыларын аударды.

Америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйден "Қош қару-жарақ" және де Кубаның философы Хосе Хулиан  Мартиннен (1853-1895) "Құмарлық пен құндақ"-ты таңдапты!

Ақыры "Қоштасу" өлеңімен немесе түсінде өзінің өлерін сезінген ақынның жырлары да керемет еді. От кешіп жүріпті қайран ақын.

Дегенмен Мишигийн Цэдэндоржның ардақтаған ақындардың өлеңдері тауыриһатта бәрі де қалды. 

Мен осындай екі ақынның өлеңін аударып оқырманға ұсынуды жөн көремін.

НЯМБУУГИЙН НЯМДОРЖ

(Мишигийн Цэдэндоржыға ода) 

Барғың келсе бізге сен, 

Хан Алтайдай қорығым бар. 

Дос табам деп іздесең —

Менің Цэрэндоржым бар. 

Жұрт шалсаңыз із кесе, 

Керім Алтай төрім бар. 

Кеңесер жан іздесең —

Менің Цэдэндоржым бар. 


Көргің келсе жүздесе, 

Аңыз Алтай керім бар. 

Нағыз досты іздесең —

Менің Цэдэндоржым бар.


ЛАМЖАВЫН МЯГМАРСҮРЭН

АЛТАЙҒА БАРАМ

Барамын ұшып,  Алтайға зәуде жетемін, 

Қайта қайтпаймын сонда қаламын. 

Ғұмырым өтер жер анау: құзардың басы қия шың... 

Тастаймын сонда, ұмытам, босатам бәрін  сананың, 

Шыңдарға салған бүркіттің көрем ұясын. 

Балапанын көрем ақ үрпек: ана қананың. 

Жүрегімді мәңгі қалдырам жартасқа зәулім тапталған, 

Тұма бұлаққа жанымды жуамын кірлеген, тағы дақ қалған. 

Ақсақалдарға барам, айбарлы һәм абыз—ды, 

Тұрмыс құрамын солай да  солай маңызды.