Кенесары хан - қазақ армиясының символына айналуы керек. Бұл туралы әскери қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Эмин Джаббаров айтты.
КЕНЕСАРЫНЫҢ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ
Әскери маман қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарының барлау қызметі қалай жұмыс істегенін айтты.
- Кенесары ханның барлаушылары болған жоқ дегенге әскери маман ретінде сенбеймін. Ол қандай да бір ақпаратты жеткізу керек кезде нені қолданды? Қандай киіз үйде кездесті? Қандай да бір символы немесе бір ерекшелігі болды ма? Қандай құпиясөздерді қолданатын? Оның қоластындағы бөлімшелер қалай аталды? Қалай олармен хат алмасып отырды? Өзімізге керек символиканы неге сол кезден алмаймыз? Біздің тарих неге кеңес одағынан басталады? Соның бәрін көтеру керек”, дейді әскери сарапшы Dope Soz-ге берген сұхбатында.
Кенесары хан қазақ армиясының символына айналуы керек - әскери сарапшы
