Қазақстандағы USAID шабадандарын жинап, есігін жапқаны белгілі. Қазір осы ұйым бізде не істеді, қандай жобаларды атқарды деген сұрақтарға жауап ізделіп жатыр. Біздегі USAID көбіне өзінің білім қолжетімділігін арттыру мен денсаулық сақтау саласындағы игі жобаларын көбірек көрсетіп, осыны істеп жатырмыз деп жарнамалап келді. Бірақ бұл ұйымның жария қылмай, үнсіз жасаған басқа бағыттағы біршама көлеңкелі жұмыстары да бар.
Телеграм арналарда жарияланып жатқан Қазақстандағы USAID қызметінің нәтижелеріне арналған роликте біздегі митингке шығу, ояну, феминизм пен ЛГБТ құқығын қорғаудың доллармен шаққандағы нақты ақшалай құны көрсетіледі. USAID бұл ролик біздікі деп ресми верификация жасаған жоқ. Онда «Oyan, Qazaqstan» сынды жастардың оппозициялық жобасына 5 миллион доллар, феминистерге 3 миллион доллар, адам құқығын қорғаушыларға 9 миллион доллар қаржы бөлінгені көрсетілген. Жынысын қызға ауыстырған трансгендер жігіттердің қымбат операциялары да қаржыландырылған.
«Қаржы көлеміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Ол транзакцияларды тексеру оңай емес. Алайда жалпы еліміздегі көптеген билікке қарсы қозғалыстар, жастардың феминистік және ЛГБТ топтары USAID агенттігімен етене жұмыс істегені жасырын емес. Келесі аптада осы жобаларға қатысты біраз материалдар жарияланатын болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Енді АҚШ сырт айналғандықтан Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастық Еуропалық Одаққа үміт артып отыр. Дереккөздің айтуынша, кешеден бастап қазақтың белсенді гейлері мен лесбианкалары кәрі құрлықтағы түрлі қорлар мен адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдарға хат жолдай бастады. Онда Феминита мен ЛГБТ хартиясының жұмысы тұралап қалмауы үшін материалды көмек көрсету бойынша өтініш айтылады.
Қазақстандағы демократия, адам құқықтары, феминизм мен ЛГБТ қозғалыстары тек доллардың күшімен өмір сүріп келгені білініп қалды. Сондықтан бұл нағыз энтузиазм ба, әлде есебі мығым бизнес жоба ма, оны анықтау қиын. Бірнеше дереккөз «келесі аптаны күтіңіздер» деген сигнал берді.