Отты жылдардың оғланы
Соғыс аяқталған соңғы жаздың түлегі (1945) Баян-Өлгийдің байтағында дүние есігін ашқан аймаңдай аға, байрағы асқақ қазақтың қайнар қаймағы Керей деген елдің кербезі, көкірегінен күмбір-күмбір үн түлеген жәуһер тамшыдай хаһ тау тұлға, өнердің тарланбозы Қабылаш Әбікей аға биыл 80 жастың сеңгіріне аяқ басыпты!
Оның жалаулы бала шағы Баян-Өлгийдің баран тауларын жастана қоршалған тас қоралардың ығында бес түлік малдың көңінен көгерген өрімдей өскін.
"Он жасымнан өнерге болдым зерек" деген қара әуезден қауыз жарған қағылез де қауашақтай қара баланың дара соны әлпеті тым қарапайым болғанымен һас жүйрікке бітетін бірегей сүңіреті - тым ертерек, тым кесек, дала төсінде: шым таланы нән қаланың үн көшегінде ірі игілікпен таңылған деседі.
Алтай тауларының зау биігіне қарап таралған, тұма бұлақтың сыңғырынан нәр алған табиғи болмысы таңғажайып бұла талант оймақтың шеңіндей ортадан шыққанында еш шегінбей өнердің биігіне өрлей тырмысқан.
Өрен жүйрік, күйсіз күліктің күйі
Өршіл күлік секілді бітімді ұл, өр серпілген өрен жүйріктердің ұтымды жүрісінен кіл жадағай жайсаңдықты жұқтырған қыр баласы!
Өз кілегей ғұрпынан алып, бірегей киелі жұртынан ұлықталған баталы ұлан осы Қабылаш аға!
Туабітті дидарына сай, Ай маңдайлы құбаша құлықына құлай қонған бозторғайдың үні, боз даланың уысындағы ұлпа кейіпі биязы. Аһи уыз жусан дәурені оның түб зердесін айпара ашып, тағылымдары, тартпаның жүзіндей шыңалып, сыналса керек.
Зердеден қашық, құлыққа жатын, жадыдан шалғай жатқан ауыл баласына көктемдегі самал сағым еңкейген өтпелі тұста саралақаздың қаңқылымен жеткен бір сиқырияндық аян үн естілсе керек. Қаз дауысымен қалықтаған сауыс салғара сабырлы дыбыстар қараторы кербездің кең тынысты көкірегіне ертерек ұялаған. Иә...
Ғайыптағы қиял мен қиянда
Түбі әсіребатыстық Еуропадан бастау алған сонау ХVII ғасырдағы кантаталық (catata) иірімдер үйірген дала баласы ортадан оқыс алысқа ұшуға байыптылықпен барыпты баяғыда-а-а!
Расы да солай: француз, итальян, орыс, моңғол әуендерін сіңірудің машақатты сүрлеуінде үн кешкен жылдардың жолын қарағанда осы сұлбалар көрінеді. Ғұмырият деген ғайып сұлбаның сұңғатты бойындағы Қабылаш ағаның қым-қуыт қисыни ізі де тіпті "измі"- нің иісі де осыдан сезілмек.
Сары сағыншытай самалды, сағымды қарлы таулы даланы әнмен тербеп һәм сазына қайта оралған қаз үні - қалалық (урбандық) өркениетіне әбден орнаған оратория (oratorio) әуені сыр сыңымен сызылған тұста ол тура сеңкіл әуезімен оянған болуы бек мүмкін.
Желідегі құлынның шіңгір кісінегенімен осындай бей кеңісін бекіте-бекіте өзінше өріп бекемдеген жас талант, болашақ әнші үшін әрідегі Йоганн Себастиан Бахтың да берідегі П.И.Чайковскийдің де руһты қажеті болғаны аян. Әрине ол өзге әңгіменің арқауы.
Бұлғардағы бұрылыс
Еуропалық музыкалық білім беру жүйесінің көшбасшысы Болгарияның София консерваториясында (1921) Қабылаш Әбікейұлының білім алған, бітірген (1972) жылдардың бергені тәңірдің керемет бір сыйына ұқсайды да тұрады бізге.
Әлемге өте танымал сазгер Александр Танев (1928-1996), ғаламдағы құсни әуезді әнші Гена Димитрова (1941-2005), тағы да меццо-сопрано Веселина Кацаровалардың (1965 ж.т) қанат қаққан ордасы осы әуезді, сазды әлеми орта Қабылаш ағаны өнердің өріне де ертеңіне де жұмсады.
Тағылымды жылдарда
П. И. Чайковскийдің Евгений Онегин опералық либераттосы 1963 жылы ғалам сахнасына шыққанда Қабылаш аға небәрі 17 жаста болуы керек.
Соңыра таман Моңғолияның Опера және балет театрында П. И. Чайковскийдің "Иоланта" (Iolanta) бір актілі лирикалық операсына келгенде ғаламдық ең биік деңгейге шығуына табалдырық болғаны байқалады.
Бір кездері яғни 1973 жылы 27 жасында Қобда бетінің кең даласын мекен қылған Керей қазақтарының кербезінің бағы жанып Берлинде өткен Бүткілдүниежүзілік 10-шы реткі фестивальда жеңімпаз болуы: Моңғол қазақ жастарының руһын түп-түгел көтеріп, түб кемерін бүтіндегені еді.
Сол күйінде отты да соны қуатымен (1979 ж.) Софияда өткен өрен өнерлі жас опера әншілері қатысқан ұлы ғаламдық текетіресте Еуразиядағы өз қатарынан да бірнеше саты биіктеп, әлдеқайдалап өзгелерден оқ бойы озып алдыңғы шептен көрінуі де қандай еңбек, ерлік еді!?
Осындай бір сәтті де тауыриһатты кезеңдеде Жозеф Вердидің 1850 жылдары жазылған "Риголетто" және "Травиата"- сын жете игерді де Уильям Шекспирдің "Отелло" (Othello) шамамен 1603 жылы жазған шың шығармаларымен тынымсыз шұғылданып, құрыштай шынығып, шұқ шыңалды да...
Иоганн Вольфганг Гётеның "Фауст"трагедиясы, Жорж Бизеннің "Кәрмен" - операсы (1875), Джоакино Антонио Россинидің (Gioachino Antonio Rossini 1792-1868) "Севиль шаштаразында"- ғы Фигаро рөлін сомдауы -
Қабылаш ағаның қатты самғап қарыштаған, тіпті қайта төлежіп, қайта серпілген тұсы тұғын.
Он, он жылдармен үздіксіз өскен орасан еңбектің егесі 35-36 жасында Моңғолияның Халық әртісі болды.
Қабылаш ағаның Алтай тауларын жапқан алашаңғыл бұлттардың әппақ нұрын жамылып тұрып әуелетін бір әні: "Зулай цагаан Алтай". Қазақтың көне сөзінде адамның тас төбесін "жұғай" деп атайды екен...
ЖҰҒАЙ ШАҢҚАН АЛТАЙ
Сөзі: З.Гүнсэн, әуені: Ч.Сангидорж
Таңның талас арайында Айы кідірген даңғыл
Іңірі бүркеп қарайғанша Күні қыдырған сары нұр.
Жұғай шаңқан Алтайымды мен
Түсімде көріп оянам неге,
Уа, Алтайым, Алтайым!
Жазылған бағыма – ұйық
Құмартып құшуға жетпейтін кием
Тұмар қып тағармын көңіліме.
Сеңгір маусымы жаздың Бәйшешегі майсаң маңайдың
Бозойға қонған боз үйден Анашым күн сап қарайды
Жұғай шаңқан Алтайымды мен
Түсімде көремін жиі
Уа, Алтайым, Алтайым!
Жазылған бағыма – ұйық
Құмартып құшуға жетпейтін кием
Тұмар қып тағармын көңіліме.
Аялы сыршыл елімнің Сенімі болған заңғар
Саялы дарқан халқымның Пейілі болған мәңгі
Жұғай шаңқан Алтайымды мен
Түсімде көремін жиі
Уа, Алтайым, Алтайым!
Жазылған бағыма – ұйық
Құмартып құшуға жетпейтін кием
Тұмар қып тағармын көңіліме.
&
Зулай цагаан Алтай
Үүрийн таван жингээр Сараан саатуулж мөнгөрсөн
Үдшийн бүрий тасартал Нараа наадуулж алтарсан
Зулай цагаан Алтайгаа би
Зүүдэлж сэрдэг нь юуных вэ
Аяа Алтай минь, Алтай минь
Азаар заяасан нутаг аа
Тэвэрч таныгаа даахгvй ч гэлээ
Тээж явдаг шүү сэтгэлдээ
Дэлгэр зуны улиралд Цэцгээ дэвсэж харуулдсан
Дэнжийн цагаан гэртээ Ээж минь хүүгээ хүлээсэн
Зулай цагаан Алтайгаа би
Зvvдэлж сэрдэг нь учиртай
Аяа Алтай минь, Алтай минь
Азаар заяасан нутаг аа
Тэвэрч таныгаа даахгүй ч гэлээ
Тээж явдаг шүү сэтгэлдээ
Зая түвшин түмнийхээ итгэл болон сүндэрлэсэн.
Санаа цагаан ардынхаа Сэтгэл болж мөнхөрсөн
Зулай цагаан Алтайгаа би
Зүүдэлж сэрдэг нь аргагүй
&.
Алтайдың ақ сеңгі биігі, бозсүңгі арысы Қабылаш Әбікейұлы аға аман болсын!