УЛАН-БАТЫР. Моңғолияда "Бүркіт тойы" ("Бүргэдийн баяр") жылына екі рет өткізіледі: күзде Баян-Өлгий аймағында, ал көктемде Ұлан-Батырда. Биыл "Бүркіт тойы – 2025" ел астанасындағы "Шыңғыс хан ордасы" кешенінде 8–9 наурыз күндері өтеді.
🦅 Бүркітпен аң аулау дәстүрі 2010 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ресми түрде енгізілген.
🏹 Туристер үшін ерекше қызық бұл мереке 2000 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оның мақсаты – қазақ этносының бүркітшілік дәстүрін қайта жаңғырту, оны жас ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ бұл мәдениетті отандық және шетелдік туристер арасында кеңінен насихаттау. Бүгінде бұл шара туризм саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Бүркіт тойын Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар министрлігі, Ұлан-Батыр қаласының Туризм басқармасы, Моңғолияның Бүркітшілер қауымдастығы, Баян-Өлгий аймағының Мәдениет және өнер басқармасы, сондай-ақ "Шыңғыс хан ордасы" кешені бірлесіп ұйымдастырады.