"Жасыл экономикаға" қашан көшеміз?
Қазақта- «Бетеге кетсе бел қалар, бектер кетсе ел қалар, берекең кетсе нең қалар?!» - деген аталы сөз бар. Алтайдан- Атырауға дейінгі ұлы даланың таңғажайып табиғатары: хан тәңірі таулар, жазира дала белдер, кербез жондар, керім далаларда не жоқ, іздесең барлығы табылады. Тек ұлт мұратын айқындайтын терең ойлы, кесек пошымды ұлы мақсаттар мен игі істер атқаратын тектілік рух болмай тұр-ғой!
Алтай, Жайсан, Марқакөл, Қаратау шатқалдары мен баурайларындағы жазира далаларда көне Тибетте Патшалар тұтынатын аса құнды емдік мәзірлер жасаған табиғатта сирек кездесетін шөптердің қоры бар.
Өкінішке орай, табиғат таңғажайыптарында, ондағы бірегей құндылықтардыңда игілігін қазақ емес басқалар керегіне жаратуда. Біз өзін өзекке теуіп өзгеге құрша жорғалайтын әлемдегі жалғыз елміз. «Құл қожайын үшін өмір сүреді»-деп қалай тауып айтқан қайран бабам?! Бүгінде құлдық психологияға кіріккен халқтың орысқа итшше жегілген әлсіздігінен әлем елдері мез болып отырғаны жасырын емес.
Тіліміз, мәдениетіміз, ұлттық құндылықтарымыз төрге оза алмай, отандық өнім өндірумен айналысатын кәсіпкерлердің алға баспауының себебі осы. Басқаның бәрі бос сөз, пәтуасыз ойлар мен алдаусыратқан құр мәймөңке. Сондықтан біз сол тұнып тұрған табиғат байлықтарын нарықтық экономикаға бейімдеп, өңдеп кәдеге жаратып жатқан жоқпыз.
Тек, жер асты байлықтарын шикідей экспорттап одан өндірілген тұтыну тауарларын қайтарып еселеп қымбат бағаға алып халықты қанап отырған алиғрахтарға және арандатушылардың қазақ елін құлша ұстап отыру амал-шарықтарна ғана оңтайластырылған басыбайлы экономикалық жүйеде, тәуелді санада өмір сүріп келеміз. Қазір әлемде тұтыну тауарын өндірмейтін, экономикасы импорттқа тәуелді 60 қа тарта ел, жүздеген жылдар бойы кедейшілік қамытында өмір сүріп келеді.
Ал біздің Мемлекет ұлаңғайыр Еуразияның төрінде отырып шикізат тасымалдап оның орнынына тұтынуға жарамсыз арзанқол химикат қосылған азық-түлік тағамдарын импорттайды. Сөйте тұра дені сау ұлт болашағы туралы айтады. Өкінішті! Халыққа обал! Елге қиянат! Оған жауапты минстір Парламентке барып - біз Өзбекстаннан сарымсақ, Ираннан картоп алуға уағдаластық, енді имплиятсия болмайды - деп беті бүлк етпей баяндама жасайды. Қандай бишаралық?! Керісінше, көрші елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізіп байып, шалқып өмір сүретін жүйе құрып соны айтып тұратын сауатты, ар намысты, өз отанының патриоты министрлері бар үкімет керек қой.
Сөз жүзінде шағын, орта кәсіпкерлерді дамытамыз, ауыл шаруашылығын қолдаймыз дегенімен ауылдағы адамдардың 2 сиыры жайылатын жер жоқ, өнім өндірейін десе қолдау жоқ. Ауызды құр шөппен сүртпейік. Бар, бірақ олар сол баяғыдан келе жатқан азын аулақ кәсіп орындар мен елге қызмет жасауға құлықсыз алиғрахтар үлесінде. Әлгі ауыл адамдарының жерін жекеге алып алған, енді олардың малына жайлым бермейтін солар. Жо- жоқІ Біздегі ауыл шаруашылығына «Жаппай еңбек нарқы», «Жасыл экономика» керек.
Бұл ғасыр талабы. Жаңа ғасырдың басты проблемасы «Бүкіл әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі» Бұл бір жағынан қарағанда ұланғайыр Еуразия орталығында жатқан, әрі ата кәсібі табиғатпен мінсіз үйлескен қазақ халқына Алланың берген сыйы. Қазақ еліне алтын ғасыр жасау мүмкіндігі.
Нақты айтқанда, Қазақстанның «Экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы» және «Халықаралық азық-түлік қауыпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші ел» болу мүмкіндігі. Ал біздің жауаты министрліктер, әкім қаралар не істеп жүр!?
Біз ғасыр көші талап етіп отырған, «Жаппай еңбек нарқы», «Жасыл экономика» үдерісіне сай: іздесең барлығы табылатын Алтайдан Атырауға дейнгі ұланғайыр ұлы даланың емшегін еміп, отандық өнім брендтерін әлемге танытатын тәуелсіз санаға қашан жетеміз!?
Өнерхан Сансызбай