ҚАЖЫБАЙ ҚАБЫЛ ФАЗЫЛ
Аспан бұлтты еді. Сол күні Көкшетау шаһарынан ауылға баратын көлік іздеп, базар ішінде келе жатқам. Алдымнан орта бойлы, көзі өткір, ақ шашты аға кездесті. Өтіп кетіп барып, кері бұрылдым. Жасқанып барып сәлем бердім.
-Қай баласың ?-деді.
-Сізді таныған соң, бұрылдым сәлем берейін деп, аға дедім.
-Ымм. Һім... рахмет!..
-Асығыс емессің бе?.
-Жоқ аға, жүр ендеше, ер соңымнан деген соң, соңынан ердім.
Алшаңдай басып тік келе жатыр. Шеттеу тұрған «кафеге» кірдік «бері кел...» деді, орыстың қызына екі шәй, шай қою болсын... Аққұманға бұқтырылған...
-Не жейсің? -деді. Құдайы қонақ емес, жол үстінде «сәлем бергем», сәлемшімін. Ананы, мынаны жеймін деп қалай айтам.
-Ештеңе жемеймін,жаңа тамақтанып алғам, рақмет аға деп ұялдым.
-Құр суды сораптайсың ба!? Әйда давай, пирошки ал, ақшасын мен төлеймін. Сенің көзінде от бар, түбі адам боласың!.. Әйда ал давай!- деп бұйрық берді.
Орыстың қызына «екі пирошки» дедім.
Шағын дәмхана.
Мұндай дәмханаға кірмеймін. Ауыл рәсімімен үлкеннің жолын кеспей сәлем беріп тұрған соң, үйге апармай осында алып келдім. Так бала, танысайық. Мені танисың ғой?-деді үлкен көзін маған тік қадап.
-Иә, аға Қажыбай Қабыл Фазылсыз ғой.
-Демек газет оқисың ғой?
-Дәл солай...
Шай келді. Екі ыдысқа бөліп құйдым.
-Жас өсер, жарлы байыр, әй осы сен мына Базарбаев атаңа сенесің бе?-деді.
-Базарбаевы кім?..
-Нурсул-тан... Орысшалап айтайын есімін.
Жан-жағыма ұрлана қарадым. Қара бәлеге қалып қоймайын деймін ғой баяғы. Жаспын. Енді елді басқарып отыр ғой, аға.
-Вот... Надандық!.. Таза надандық. Елді басқарып отыр. Елді басқарып отырған жоқ, елді езіп отыр. Кір өкшесімен Сенің, Менің, Аналардың (тамақ ішіп отырғандарды көрсетіп) бәріміздің басымыздан кір өкшесімен төбемізден басып отыр. Сен болсаң, Базарбаевқа сенесің!..
Базарбаев деп неге айтып отырмын. Өйткені елде жұмыс жоқ, базар аралап кетті. Нұр-сұлтан емес ол-ҚұрСұлтан. Керек пе, Мен ешкімнен қорықпаймын!.. Ай-қайлап тұрып айтамын. Талай айтқам. Елге саяси өзгеріс керек. Жаңа Басшы керек. Ал біз жүрміз. Соны мақтап. Сен нешеге келдің?
Жасымды айттым.
-Міне... Сен бірінші классқа барғанда сол кісі, жиырмаға келдің, сол басшы. Неге аудиториялық өзгеріс жасамаймыз, таза демократиялық сахнаға жаңа саяси тұлға қалыптастырмаймыз?
Өйткені, біздің санамызға «үрей кірген» бұл кетсе «қазақ аштан өледі, көштен қалады» деген.
Маған қарама, іш шайыңды, же ананы қалдырма!..
Үнсіз шәй ішіп отырмын.
-Сенің көзінде сұмдық бір от бар, менің алдымнан талай студенттер оқып жатыр, оқытып жатырмын. Бірақ олардың көзінен от көрген жоқпын. Сен ертең мен «кісі танысам» елдің мұңы үшін шырылдайсың. Бірақ байқа бала, екі шоқып бір қара, абай бол!
Сен Заманбекті білесің бе?
-Иә, Нұрқаділов...
Заманбек, Базарбаевты кеш түсінді. Әуелде Әуелбековті Президент қылғанда қазақтың мұртың балта шаппас еді. Ойбай-ау, Әуелбековті жапа -тармағай кеп жамандап, билікке жолатпадық. Періштені көргем жоқ, мен үшін Әуелбеков періште. Жердегі періште. Қанша билікте жүрсе де, былық іске, батпаң құйрыққа қолын малмады, пенділікке бармады.
Ал мынау ше?
Ауыл құрыды,
Жастар бұзылды. Бұл бастамасы әлі қазақ «бас бармағын шайнап» әритәй-тәй деп ән сала алмайтын күйге түсіп қалады. Менің ішім сезеді. Мен шындықты айтам. Шындықты жазам. Мынау Көкшетаудың көшесінде менің замандастарым біледі. Дәл осылай жүре алмайтынбыз.
Көшеге шықсаң, басқа ұлт жабыла кетіп таяқтайтын, талайымен төбелестім. Бірақ, берілмедім.
Мен Сәбет үкіметінен жақсылық көрген адам емеспін!..
Аңсамаймын да!
Менің үнімді өшірді, тілімді құртты, рухымды құртты, дінімді құртты, қалғаның Базарбаевқа табыстап кетті. Енді ол білгенің қылып жатыр.
Сен жаңа есіме түсіп отырсың. Бірер мақалаңды оқығам. Нашар жазасың, жаза алмайсың. Оқы. Талпын. Түбі сенен «ортаңқол» жазушы шығуы мүмкін. Мүмкін шықпас.
Енді, иә қай жерге келдім?
Біз мына ұлы дәуірдің пендесіміз. Енді тәуелсіздіктен айырылып қалсақ біттік. Кімге кіріптар боламыз сонда? Орысқа ма, қытайға ма!?Екеуі де оңдырмайды. Біреуі жер бетінен жойып жібереді, екіншісі баяғы, баяғы ма інімізге су құяды.
Қазір Астана саламыз деп жан-жақтан қарызды алып жатырмыз. Базарбаев кетеді, кім жауап береді?! Менде кетемін,пендеміз уағым, уақытымыз келгенде, келесі Президент бет-бетімен кеткен тобырға ие бола алмай, оның үстіне қарызы қысса, оған жаутаңдап қалуы мүмкін.
Сенің қалтаңда көк тиын жоқ.
Сен қайтып ол қарызды құтыласың!?
Міне әңгіме қайда?
Қазақтың басына қиянат пен қиямет сонда туады. Дүниеде кіріптарлықтан асқан бейшаралық жоқ!..
Қазір біреуі де үндемейді.
Дұрыс деп отыр.
Саясат дегеніміз «шыбынның зәр шығарғаны сияқты, көзге түспейтін дүние» оны сен қазір түсінбейсің. Ертең уақытын келгенде түсінерсің. Жақсы, Аллаһу акпарымызды айтып тұралық қанекей,-деді.
Бұл Қажыбай Қабыл Фазыл ағамыз еді.
Мен ауылға жеткенше ағамыздың сөзін санамнан сан өткізіп ойланып бардым. Ақкүшіктің дөңіне шығып ап, мал бағып отырып, кітап оқып отырып тағы ойландым. Қазақтың тағдырын ойладым. Тұңғыш рет, иен далада іштей ірідім. Бірақ менің қолымнан не келеді!? Сол күні, сол сағатта Дешті Қыпшақтың даласы күңіреніп тұрғандай мұңды еді,Қажыбай ағамыздың дауысы сияқты зарлы еді.
Айтпақшы, Қажыбай Қабыл Фазыл ағамыз «жаптым жаланың» құрбаны болып абақтыға да айдалып барып келді. Сынған жоқ, қираған жоқ. Сол қалпында отырып шықты. Рухты еді, мықты еді. Кешегі тектілердің соңы еді, соңғысы еді. Азаттық деп алғашқы күні -ақ атқа қонған қыран мінезді алғашқылардың бірі еді. Әділ еді. Шешен еді. Батыр еді.
Жалтақтауды білмеді.
Жолбарыстай жотасынан ешкімге сипатпады, қырандай азаттықты аңсап,қазақтың байлығы деп шырылдап дүниеден өтті.
Алыста һәм ауылда жатып тағы газеттен оқыдым. Оғлан ағам "Қажыбай Қабыл Фазыл дүниядан өтті" деп. Соңғы сапарына бара алмадым, бір уыс топырақ сала алмадым.
Кейде Көкшетауға барғанда алшаңдай басып, басын тік көтеріп менің Қажыбай Қабыл Фазыл ағам келе жатқандай, маған жолығатындай елеңдеймін. Бірақ, Ол кісі қос ғасырда бір қазақтай, ел үшін арпалысып жалған дүниені артқа тастап кеткен болатын. Өмірде жоқ.
Рухы шат болсын!
Иллаһи Алла тілегім сол!..
P.S Бір апта болды «Көкшенің аңыздары мен алыптары» деген дүние бастадым. Жаза алсам. Уақыт мүмкіндік берсе, жаза берейін, ел оқыр, оқымаса өз сөзім-өзімдікі ағайын!