Ақшаңыз сізден бұрын ұйықтап, сізден кеш оянып жүрсе, бұл оның жұмыс істемейтінінің белгісі. Оны жай қолданып қана қоймай, өзіңізге қызмет ететін құралға айналдыру қажет.

Айталық, сізде 1 миллион теңге бар.

Сіз оны қысқа мерзімдік ләззатқа – сәнді заттарға, той-томалаққа немесе демалысқа жұмсадыңыз делік.

Бірнеше айдан кейін бұл ақша сіздің өміріңізде еш із қалдырмай жоғалады.



Ал егер дәл осы соманы жылдық 17% табыстылықпен (Home bank) депозитке салсаңыз, бір жылда 170 000 теңге табасыз.

Ақшаны жұмысқа жегу – бұл сіздің қаржылық сауаттылығыңыздың көрсеткіші. Табысыңыздың бір бөлігін тұрақты түрде ? инвестициялап отыру – болашақта үлкен қаржылық еркіндікке апарар жол.

Ақшаңыз сіз үшін кіріс әкелген сайын, сіздің уақытыңыз да, мүмкіндігіңіз де көбейеді.