Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  ақын Дәулеткерей КӘПҰЛЫ Астана қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Біріккен мұражайлар дирекциясының» директор орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар, ол АЛЖИР музейінің директоры қызметін атқарады.

Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және Мемлекеттік жастар сыйлығы «Дарын» иегері.

Ол бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағының елордадағы филиалының төрағасы қызметін атқарған.