Нұржан Төлеген Қытайдың Іле Қазақ өңірінде туған этникалық қазақ. Оның балалық шағы Құлжада өткен. Қазір Франция астанасында тұрады.
«Мен Қытайға қоныс аударған қазақтың шөбересімін. Атамекеннен алыстасам да қазақ рухын ұмытқан емес», – деп жазды қазақ жігіті.
2021 жылы қазақ даласын алғаш рет аттаған жас жігіт бір ай уақытын атамекенмен танысуға арнайды. Қазақстанға сапарынан керемет әсер алған кәсіпкер жаңа бизнес бастауға бел буады.
«Францияға оралған соң, осы сапарымнан шабыттанып, люкс әтір үйі – Tolegen Paris қоғамын құрдым».
Франция қазағы 2025 жылғы мамырда Париж нарығына Kiz Jibek деп аталатын парфюм шығарды.
Франция астанасында тұратын этникалық қазақ «Қыз Жібек» парфюмін Париж нарығына шығарды. Жаңа тауар TOLEGEN Paris брендімен сатылады.

Читайте также

Қазақстанда риелторлардың негізсіз комиссия талап етуіне шектеу қойылмақ
🕒 17.11.2026 23:07 · 👁 14
ҚазҰУ-де тағы бір қайғылы оқиға: бірінші курс студенті қаза тапты
🕒 17.11.2026 23:04 · 👁 7
Қостанай облысында бесінші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен екі мектеп оқушысы тексеріліп жатыр
🕒 17.11.2026 23:02 · 👁 8
