Франция астанасында тұратын этникалық қазақ «Қыз Жібек» парфюмін Париж нарығына шығарды. Жаңа тауар TOLEGEN Paris брендімен сатылады.

19



🔎 Нұржан Төлеген Қытайдың Іле Қазақ өңірінде туған этникалық қазақ. Оның балалық шағы Құлжада өткен. Қазір Франция астанасында тұрады.

🗣 «Мен Қытайға қоныс аударған қазақтың шөбересімін. Атамекеннен алыстасам да қазақ рухын ұмытқан емес», – деп жазды қазақ жігіті.

📍 2021 жылы қазақ даласын алғаш рет аттаған жас жігіт бір ай уақытын атамекенмен танысуға арнайды. Қазақстанға сапарынан керемет әсер алған кәсіпкер жаңа бизнес бастауға бел буады.

🗣 «Францияға оралған соң, осы сапарымнан шабыттанып, люкс әтір үйі – Tolegen Paris қоғамын құрдым».

⚡️ Франция қазағы 2025 жылғы мамырда Париж нарығына Kiz Jibek деп аталатын парфюм шығарды.