2026 жылғы әлем чемпионатында барлық үш алаң иесі ел плей-оффтың алғашқы кезеңінде жарыстан шығып қалды

40

Munarmedia.kz.07.07.2026. ASTANA 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын қабылдаған үш мемлекет те – АҚШ, Канада және Мексика турнирдің 1/8 финалынан аса алмады.


Канада құрамасы 1/8 финалда Мароккодан 0:3 есебімен жеңілсе, Мексика турнирдің ең тартысты кездесулерінің бірінде Англияға 2:3 есебімен жол берді. Ал АҚШ құрамасы Бельгиядан 1:4 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.


Осылайша, әлем чемпионатының барлық үш қожайын елі плей-оффтың алғашқы кезеңінде-ақ турнирмен қош айтысты. Бұл – әлем чемпионаты тарихындағы сирек кездесетін жағдайлардың бірі.

#MunarMedia #ASTANA #ӘлемЧемпионаты2026 #Футбол #АҚШ #Канада #Мексика #Марокко #Англия #Бельгия #Спорт