АҚШ-та жалған сайлау сауалнамаларын жариялаған компания әшкереленді

16

Munarmedia.kz 26.10.2026-АҚШ-тағы Wedgewood Polling компаниясы сайлау алдындағы сауалнамалардың нәтижелерін қолдан жасағанын мойындады. Жалған деректерді ірі бұқаралық ақпарат құралдары мен аналитикалық платформалар пайдаланған. Жарияланған зерттеулер Демократиялық партияның бірқатар солшыл кандидаттарын қолдайтындар саны күтпеген жерден жоғары екенін көрсеткен.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл әрекет әлеуметтік эксперимент болған. Олар жалған сауалнамалар арқылы қоғамдық пікірді қаншалықты оңай басқаруға болатынын көрсеткісі келген.

Оқиға әшкереленгеннен кейін The New York Times басылымы маусым мен қазан аралығында жарияланған Wedgewood Polling компаниясының 15 сауалнамасын өз дерекқорынан алып тастады. Жалғандықты бастапқы деректердегі сәйкессіздіктерді анықтаған FiftyPlusOne жобасының мамандары әшкерелеген.

Даулы жағдай АҚШ Конгресіне аралық сайлауға екі аптаға жетпейтін уақыт қалғанда болды. Сайлау 3 қарашаға белгіленген. Демократиялық партия өкілдері ұйымдастырушыларды сайлаушыларды алдады деп айыптап, оларды жауапқа тартуды талап етті.

Ал Wedgewood Polling компаниясы дауыс беру нәтижелеріне ықпал етуді мақсат етпегенін мәлімдеді.

#АҚШ #Сайлау #ЖалғанСауалнама #ҚоғамдықПікір #Munarmedia