Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлеріне қатысты алаяқтық әшкереленді

13


Астанада 170 пәтерді заңсыз иеленуге бағытталған схема анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, пәтерлердің жалпы құны 4,4 млрд теңге. Олардың арасында жетім балаларға, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған баспана да болған.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілер жалған келісімшарттарды кейінгі күнмен рәсімдеп, жалған жәбірленушілердің атынан арыз түсірген және сот арқылы пәтерлерді алуға әрекеттенген.

Бұған қоса, жалған үлестік қатысу келісімшарттары азаматтарға сатылып, 400 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Схемаға 80-нен астам жалған үлескер мен полиция қызметкерлері қатысқан деген күдік бар. 19 күдіктінің тоғызы қамауға алынды. Құны 250 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс тараптардың танысуына берілді.

Munarmedia.kz.20.10.2026.ASTANA-

#Астана #Алаяқтық #ҚаржылықМониторинг #Баспана #Munarmedia