BYD тамыз айында алғашқы гуманоид роботтарын таныстырады

57

Munarmedia.kz 06.08.2026. ASTANA Қытайдың электрлі автокөлік өндірудегі әлемдік көшбасшыларының бірі BYD компаниясы биылғы тамыз айында өзінің алғашқы гуманоид роботтарын таныстырмақ.

Компания мәліметінше, бұл тек тұжырымдамалық үлгілер емес, нақты міндеттерді орындай алатын толыққанды роботтар болады.

Роботтардың тұсаукесері Di Space көрме орталығында өтеді. Келушілер жаңа құрылғылардың жұмысымен танысып қана қоймай, олармен тікелей өзара әрекеттесе алады.

BYD-дің жасанды интеллект пен гуманоид робототехника бағытын дамытуға ниетті екені алғаш рет 2025 жылы белгілі болған еді. Сол кезде компанияның атқарушы вице-президенті Стелла Ли BYD жасанды интеллект технологияларын дамытуға қомақты инвестиция құйып жатқанын мәлімдеген.

Сарапшылардың пікірінше, компанияның бұл қадамы автокөлік өндірісімен қатар интеллектуалды робототехника нарығындағы бәсекені күшейте түсуі мүмкін.

#Munarmedia #ASTANA #BYD #ЖасандыИнтеллект #Гуманоид #Робот #Технология #Қытай #Инновация