Munarmedia.kz.07.07.2026. ASTANA АҚШ әскери контингентінің басым бөлігі Эстония аумағынан шығарылды. Бұл туралы ERR басылымы АҚШ-тың әлемдегі әскери күштерін қайта орналастыру үдерісіне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Эстонияда америкалық әскери қызметкерлердің аз ғана бөлігі, негізінен техникалық және қызмет көрсетуші персонал қалған. Бұған дейін екіжақты келісімдер аясында елдегі АҚШ әскери контингентінің саны шамамен 500–700 адамды құраған.
Эстонияның қорғаныс министрі Ханно Певкурдың айтуынша, қазіргі өзгерістер ресми түрде жоспарлы жазғы ротациямен байланысты. Алайда жаңа әскери бөлімдердің елге нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Эстония билігінің пікірінше, бұл жағдай АҚШ-тың Еуропадағы әскери күштерінің құрылымы мен орналасуын қайта қарау жөніндегі кең ауқымды жоспарының бір бөлігі болуы мүмкін.
#MunarMedia #ASTANA #АҚШ #Эстония #ERR #НАТО #Еуропа #Қорғаныс #Әскер #ХалықаралықҚатынастар