Мысырда телеарна жүргізушісі Сара Халифа өлім жазасына кесілді

10

Munarmedia.kz 07.09.2026.ASTANA Мысырда танымал телеарна жүргізушісі Сара Халифа мен тағы 11 адам есірткіге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді.

Прокуратура мәліметінше, қылмыстық топ синтетикалық есірткі өндіруге қажетті шикізатты жеткізумен, есірткі заттарын өндіру және таратумен, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан.

Іс бойынша барлығы 28 адам сот алдында жауап берген. Олардың тоғызы өмір бойына бас бостандығынан айырылса, жеті адам ақталған.

Құқық қорғау органдары 750 келіден астам есірткі мен оны өндіруге арналған шикізатты тәркілеген. Іс бойынша дәлелдер қатарында хат-хабарлар, фото және бейнематериалдар болған.

39 жастағы Сара Халифа 2025 жылдың сәуірінде ұсталған. Ол бірнеше телеарнада жұмыс істеп, қылмыс тақырыбындағы «Мүмкін емес миссия» бағдарламасын жүргізген.

Сот үкіміне Мысырдың Кассациялық сотына шағым түсіруге болады.

#Munarmedia #Астана #Мысыр #СараХалифа #Сот #ӨлімЖазасы #Қылмыс #Есірткі #ӘлемЖаңалықтары