Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елде екінші және үшінші атом электр станцияларын салу жоспары бар екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы энергетика саласындағы инвесторлармен ашық диалог барысында алғашқы АЭС құрылысы басталғанын айтты. Оның сөзінше, екінші атом электр станциясын салу мәселесі жаңа серіктестермен және инвесторлармен талқыланбақ.
Мирзиёев сондай-ақ елде уран өндіру көлемі артып, осы салада мол тәжірибе жинақталғанын атап өтті.
Munarmedia.kz.18.10.2026.ASTANA-
#Өзбекстан #АЭС #АтомЭнергетикасы #Энергетика #Munarmedia