АСТАНА. 2 шілде. Munarmedia.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның экономикалық дамуы құрылыс саласының қарқынды өркендеуімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, елдің тұрақты өсімі үшін жаңа өндірістерді, тұрғын үйді, инфрақұрылымды және басқа да ірі жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілуі қажет.
«Елімізде құрылыс көп болса, Қазақстан да өркендейді. Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз қажет. Біз ешқандай негізсіз қаражат тарата беретін әлеуметтік мемлекет бола алмаймыз. Егер осылай жалғастыра берсек, болашақ ұрпақ бізді түсінбейді әрі кешірмейді», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту және ел экономикасына инвестиция тарту арқылы ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз ету.
Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және экономиканың түрлі секторларына серпін беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
#Munarmedia #Қазақстан #ҚасымЖомартТоқаев #Парламент #Құрылыс #Экономика #Инвестиция #Инфрақұрылым #Даму