04.08.2026. ASTANA – Munarmedia.kz. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізінің түбімен тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы басталды. Бұл жоба екі ел арасындағы цифрлық инфрақұрылымды нығайтып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын деректерді беру дәлізінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.
Баку мен Ақтау қалаларын жалғайтын суасты байланыс кабелі арнайы кемеге тиеліп, Әзербайжан портынан Қазақстан бағытына жолға шықты.
Жобаның теңіздегі негізгі құрылыс кезеңін 15–20 күн ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Ал технологиялық және іске қосу-баптау жұмыстарының толық кешенін 2026 жылдың соңына дейін тәмамдау көзделген.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа талшықты-оптикалық желі өңірдегі интернет байланысының сенімділігін арттырып, халықаралық деректер трафигін тасымалдаудың балама бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытымен қатар цифрлық транзиттік әлеуетін де күшейте түседі.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Әзербайжан #Каспий #Ақтау #Баку #ТалшықтыОптика #ЦифрлықДәліз #Телекоммуникация #Интернет #Цифрландыру