Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңін аяқтады

56

Munarmedia.kz 06.08.2026. ASTANA Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының негізгі кезеңдерінің бірін сәтті аяқтады.

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, «Қазақтелеком» мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жоба аясында Каспий теңізінің түбімен тартылған суасты кабелі Қазақстан жағалауына жеткізілді.

Қазіргі уақытта мамандар кабельді жағалаудағы байланыс инфрақұрылымына қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал жерүсті нысандарының құрылысы биылғы күзде толық аяқталып, одан кейін байланыс желісі сынақтан өткізіледі.

Жоба іске қосылғаннан кейін байланыс желісі Ақтау мен Сумғайыт қалаларын жалғап, Азия мен Еуропа арасындағы жоғары жылдамдықты цифрлық дәліздің маңызды бөлігіне айналады. Бұл деректерді тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, өңірлік цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және халықаралық байланыс арналарының сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Әзербайжан #Қазақтелеком #AzerTelecom #Транскаспий #ТалшықтыОптика #Цифрландыру #Каспий #Ақтау #Сумғайыт