Қазақстан мен Қытай жыл соңына дейін QR-төлем жүйелерін ықпалдастырады

39


04.08.2026. ASTANA – Munarmedia.kz. Қазақстан мен Қытай 2026 жылдың соңына дейін екі елдің QR-төлем инфрақұрылымын өзара ықпалдастыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама азаматтар мен кәсіпкерлер үшін трансшекаралық төлемдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоба Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы мен UnionPay International арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады.

Тараптар QR-төлемдерді біріктірумен қатар, теңге мен юань арқылы есеп айырысу тетіктерін кеңейтуді, цифрлық теңге мен цифрлық юань платформаларын ықпалдастыруды, сондай-ақ Қазақстанның төлем инфрақұрылымын Қытайдың банкаралық трансшекаралық төлемдер жүйесі – CIPS (Cross-Border Interbank Payment System) жүйесіне қосуды көздеп отыр.

Аталған бастамалар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, қаржы операцияларының жылдамдығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Қытай #QRТөлем #ЦифрлықТеңге #Юань #UnionPay #CIPS #Қаржы #ТөлемЖүйесі #Цифрландыру