Қазақстан Қытай юанімен 448 млрд тенге қарыз

6

Munarmedia.kz | 09.09.2026 | АСТАНА – Қазақстан Қаржы министрлігі Қытай юанімен жалпы көлемі 6,6 млрд юань, яғни шамамен 448 млрд теңге болатын облигацияларды орналастыруға өтінімдер жинап жатыр. Бұл туралы экономист Арман Батаев мәлімдеді.

Қаржы құралдарын AIX биржасында орналастыру жоспарланған. Жоба аясында екі облигация шығарылымы қарастырылған.

Бірінші шығарылымның көлемі 5 млрд юань, шамамен 340 млрд теңге болады. Үш жылдық облигациялардың өтеу мерзімі 2029 жылғы 7 қыркүйекке белгіленген. Құнды қағаздардың болжамды жылдық кірістілігі 1,8-1,9 пайыз деңгейінде.

Екінші шығарылым 2031 жылға дейінгі бес жылдық «панда» облигацияларын қамтиды. Бұл бағалы қағаздар бойынша жылдық кірістілік 1,9-2,2 пайыз аралығында болуы мүмкін.

«Панда» облигациялары – Қытай нарығында шетелдік эмитенттердің қытай юанімен шығаратын борыштық бағалы қағаздары.

Қазақстанның юаньмен облигация орналастыруы елдің қарыз алу құралдарын әртараптандыруға және Қытайдың қаржы нарығына шығуға мүмкіндік береді.

#Қазақстан #Қаржы #Облигация #Юань #Қытай #ПандаОблигациялары #AIX #Экономика #МемлекеттікҚарыз #Munarmedia