Қазақстан Ресейдің шикізаттық емес тауарларын ең көп импорттайтын үш елдің қатарына енді

63

Munarmedia.kz 05.07.2026. ASTANA – Ресейдің шикізаттық емес және энергетикалық емес тауарларының негізгі импорттаушылары қатарында Қытай, Беларусь және Қазақстан көш бастап тұр. Бұл туралы Ресей Өнеркәсіп және сауда министрінің статс-хатшысы – орынбасары Роман Чекушов мәлімдеді.

Оның айтуынша, достас мемлекеттерге экспортталған шикізаттық емес және энергетикалық емес өнімдердің жалпы көлемі 32,5 млрд АҚШ долларын құраған.

Роман Чекушовтың мәліметінше, осы санаттағы ресейлік өнімдерді ең көп сатып алған елдер – Қытай, Беларусь және Қазақстан.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге экспорттың көлемі биылғы бірінші тоқсанда 10 пайызға артқан. Ал Түркияға экспорт 19 пайызға, Үндістанға жеткізілім 40 пайызға өскен.

Ресей тарапы бұл көрсеткіштерді сыртқы сауда географиясының кеңеюімен және достас елдермен экономикалық ынтымақтастықтың нығаюымен байланыстырып отыр.

#Қазақстан #Ресей #Экспорт #Қытай #Беларусь #ЕАЭО #Экономика #Сауда #Munarmedia