Қазақстан халқының 47,7 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады

39

Munarmedia.kz. 24.08.2026. ASTANA 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген қоғамдық пікірді іріктемелі зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстанның үш жастан асқан халқының 47,7 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

Оның ішінде 19,2 пайызы бос уақытында өз бетінше жаттығу жасайды, 28,1 пайызы білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады. Ал сауалнамаға қатысқандардың 0,4 пайызы спортпен кәсіби түрде айналысады.

2025 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар үлесі 1,2 пайыздық тармаққа өсіп, 46,5 пайыздан 47,7 пайызға жетті.

Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары — 49,3 пайыз. 2025 жылы бұл көрсеткіш 48,4 пайыз болған.

Ал ауылдық жерлерде дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар үлесі 45,0 пайызды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 43,5 пайыз болған.

#Munarmedia #Қазақстан #Астана #Спорт #ДенеШынықтыру #СалауаттыӨмірСалты #Статистика #Жаңалық