Қазақстанда 20 мыңнан астам пайдаланушысы бар ірі онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

65

Munarmedia.kz. 05.08.2026. ASTANA – Қазақстанда «Nomad Poker» атты ірі заңсыз онлайн-казиноның қызметі әшкереленіп, оның жұмысы тоқтатылды. Тергеу мәліметінше, платформаның қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы қатысқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, онлайн-казиноны ұйымдастырушылар платформаны шетелден басқарған. Заңсыз қаржы айналымын жасыру мақсатында олар үшінші тұлғалардың банк шоттарын пайдаланған және жаңа ойыншыларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тартқан.

Тергеу барысында заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін 60-тан астам дроп-шоттың қолданылғаны анықталды.

Алдын ала есеп бойынша, ойыншылардың ставкаларынан түскен қаржының жалпы айналымы 7,5 млрд теңгеден асқан. Сот санкциясымен 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражаты мен басқа да мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып, заңсыз қаржы схемасына қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

#MunarMedia #ASTANA #Қазақстан #ОнлайнКазино #ҚаржыМониторингі #ЗаңсызОйынБизнесі #ҚұқықҚорғау #Тергеу