Қазақстанда білім алған камбоджалықтар жоғары мемлекеттік қызметтерге тағайындалған

54


Камбоджа азаматтарының 120-дан астамы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алған. Олардың бірқатары қазір мемлекеттік органдарда губернатор және мемлекеттік хатшы секілді жоғары лауазымдарды атқарып жүр. Бұл туралы Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында мәлімдеді.

Тараптар жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты да талқылады.

Munarmedia.kz.18.10.2026.ASTANA-

#Қазақстан #Камбоджа #Білім #ХалықаралықЫнтымақтастық #Munarmedia