Munarmedia.kz 26.10.2026-Қазақстанда бірнеше кредитор алдында мерзімі өткен берешегі бар азаматтар Finkelisim.kz платформасы арқылы бір өтініш бере алады. Сервис 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істейді.
Платформаны пайдалану үшін екі немесе одан да көп кредитор алдындағы қарыздың төлем мерзімі кемінде 90 күнге кешігуі керек. Жалпы берешек мөлшері 150-ден 1 600 айлық есептік көрсеткішке дейін болуы қажет. Бағдарламаға ипотекалық және автокредиттер кірмейді.
Қаржылық қиындық туындаған жағдайда азамат алдымен кредиторға өтінішпен жүгінуі тиіс. Егер өтініш қабылданбаса, қаржы омбудсманына тегін шағымдануға болады.
Заң талаптарына сай келетін азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін де пайдалана алады. Алайда бұл рәсімнен кейін бес жыл бойы жаңа несие алуға шектеу қойылады.
#Қазақстан #Несие #Қарыз #ҚаржылықСауаттылық #Munarmedia