Munarmedia.kz 06.08.2026. ASTANA Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отынды (Sustainable Aviation Fuel – SAF) өндіруге арналған кешенді экожүйе құрылады. Осы мақсаттағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан Үкіметінде қол қойылды.
Жоба Алатау қаласында жүзеге асырылады. Құжатта авиациялық отын өндірісінің толық циклін қалыптастыру көзделген. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізатын өсіруден бастап, оны терең өңдеу және дайын экологиялық авиациялық отын шығаруға дейінгі барлық кезең қамтылады.
Сонымен қатар тараптар «ақылды» энергетика, энергияны жинақтау жүйелері және заманауи энергетикалық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін бірлесіп зерделемек.
Жобаны іске асыру Қазақстанның тұрақты авиациялық отын өндірісін дамытуға, көміртегі шығарындыларын азайтуға және елдің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі бастамаларын қолдауға ықпал етеді деп күтілуде.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #SAF #Авиация #ЭкологиялықОтын #ЖасылЭкономика #Энергетика #Алатау #Инвестиция