Жобаға қазірдің өзінде 1,4 млн-нан астам адам қатысып жатыр. Марафон аясында қазақ және орыс тілдеріндегі 345 әдеби шығармадан тұратын бірыңғай тізім жасалып, reading-nation.kz цифрлық платформасы іске қосылған.
Платформада жарияланған кітап пікірлерінің саны бойынша Ақтөбе облысы (25 557), Солтүстік Қазақстан облысы (14 249) және Қызылорда облысы (14 037) көш бастап тұр. Әлеуметтік желілерде оқылған шығармалар туралы 20 мыңнан астам бейнепікір жарияланған.
Кеңесте кітап оқуды насихаттау үшін жазушылармен кездесулер, «Kitap Talks» медиажобасы мен «Kitap Quiz» зияткерлік ойындарын ұйымдастыру, сондай-ақ ауылдар мен шалғай елді мекендерде кітаптардың қолжетімділігін арттыру ұсынылды.
#КітапОқитынҰлт #КітапОқу #Мәдениет #Қазақстан #Munarmedia