Қазақстанда жаңа кен орындарын іздеу үшін 200 ұңғыма бұрғыланады

8

Munarmedia.kz | 09.09.2026 | АСТАНА – Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын іздеу мақсатында барлау бұрғылау жұмыстары кеңейтіледі. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы шамамен 80 барлау ұңғымасын, ал 2027-2028 жылдары жыл сайын 120-ға дейін ұңғыма бұрғылау жоспарланып отыр.

Жаңа мұнай-газ қорларын іздеу жұмыстары, соның ішінде бұрын аз зерттелген шөгінді бассейндерде жүргізіледі.

Министрлік бұл бағытқа инвестиция тарту үшін осындай учаскелерге инвесторлардың қолжетімділігін жеңілдетіп отыр.

Атап айтқанда, өтінім берілгеннен кейін аукционды 10 жұмыс күні ішінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Ведомствоның мәліметінше, барлау жұмыстарын жандандыру Қазақстанның жаңа мұнай-газ қорларын анықтап, елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге бағытталған.

#Қазақстан #Мұнай #Газ #МұнайГаз #БарлауЖұмыстары #КенОрындары #Инвестиция #Энергетика #Ұңғыма #Munarmedia