Munarmedia.kz 07.08.2026. ASTANA Қазақстанда жүргізушісіз автокөліктерді сынақтан өткізу қағидалары бекітілді. Пилоттық жоба үш жылға жоспарланып, Астана, Алматы және Қосшы қалаларында іске асырылады.
Жоба аясында автономды көліктер арнайы сынақ полигондарында және жолдардың белгіленген учаскелерінде сынақтан өтеді. Бекітілген қағидалар пилоттық жобаға қатысушыларға қойылатын талаптарды, көліктерді пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын айқындайды.
Құжатқа сәйкес, көліктің автоматтандыру деңгейіне қарай оның ішінде жүргізуші болуы немесе қашықтан басқаруды жүзеге асыратын оператор бақылау жүргізуі тиіс.
Сондай-ақ жүргізушісіз автокөліктер деректерді тіркеу жүйесімен, бейнебақылау құрылғыларымен, төтенше жағдайда көлікті ажырату тетігімен және арнайы танымдық белгілермен жабдықталады.
Жаңа қағидалар автономды көлік технологияларын қауіпсіз жағдайда сынақтан өткізуге, олардың сенімділігін бағалауға және болашақта мұндай көлік түрлерін қолданысқа енгізудің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған.