Munarmedia.kz 07.08.2026. ASTANA Қазақстанда жыл басынан бері экологиялық және санитариялық талаптарды бұзғаны үшін 247 мыңнан астам азамат, сондай-ақ 400-ден астам лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, республика бойынша 1 578 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 954-і толықтай жойылды.
Экологиялық заңнаманың бұзылуын жою мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мыңнан астам ұсыным (ұсыну) жолданған.
Заң бұзушыларды анықтауға елімізде орнатылған 1,7 миллионға жуық бейнебақылау камерасы көмектесіп отыр. Камералар тұрмыстық және өзге де қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге заңсыз төгу фактілерін тіркейді. Одан кейін құқық бұзушының жеке басы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жоба аясында елімізде бейнебақылау жүйесін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.