Қазақстаннан 13 Қытай азаматы елден шығарылды

14


Munarmedia.kz.20.10.2026.ASTANA-Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық интернет-алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікпен 13 Қытай азаматын ұстады.

ҰҚК мәліметінше, олар көші-қон заңнамасын бұза отырып, Қазақстан аумағында болған. Тексеру кезінде компьютерлер, ұялы телефондар, Starlink спутниктік байланыс жабдықтары және криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат анықталған.

Топтың әрекеті Қазақстан резиденттері емес, өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Оның қызметі шетелден үйлестірілген деген дерек бар.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі өкілдерімен бірлескен тексеру барысында ұсталғандардың кейбірі өз елінде осындай әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталған.

16 қазанда 13 азамат Қазақстаннан шығарылып, әрі қарай тергеу жүргізу үшін Қытайдың тиісті органдарына тапсырылды.


#Қазақстан #ҰҚК #ИнтернетАлаяқтық #Қытай #Munarmedia