Қазақстанның 35 компаниясы Қытайдың астық сауда платформасына қосылды

7


Munarmedia.kz 07.09.2026.ASTANA  Қазақстанның 35 компаниясы Қытайдың астық сауда платформасына қосылды

Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты. Қазіргі таңда қазақстандық 35 компания жаңа платформаға қосылып, Қытай нарығына шығу мүмкіндігін кеңейтті.

Платформаның алғашқы нақты нәтижесі ретінде 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасалды.

Цифрлық платформаның іске қосылуы қазақстандық делегацияның Қытайда өткен астық саудасы жөніндегі 8-конференцияға қатысуы аясында жүзеге асты.

Іс-шараға Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова қатысты. Жаңа цифрлық алаң екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік өнім саудасын дамытуға және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік береді.

#Қазақстан #Қытай #Munarmedia #Астана #АуылШаруашылығы #Астық #Экспорт #Сауда #Цифрландыру #Зығыр