Munarmedia.kz
02.08.2026. ASTANA
2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай экспорты 36,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға азайды.
Саладағы өндірістік көрсеткіштер де төмендеу үрдісін көрсетті. Есепті кезеңде республикада 45,6 млн тонна мұнай өндіріліп, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 8,4 пайызға немесе 4,2 млн тоннаға кем болды.
Мұнай өндіру көлемінің қысқаруы негізінен еліміздегі ірі кен орындарындағы өндірістің төмендеуімен байланысты. Атап айтқанда:
Теңіз кен орнында өндіріс 15 пайызға;
Қарашығанақта 13 пайызға;
Қашағанда 6 пайызға азайған.
Сарапшылардың пікірінше, өндіріс көлемінің төмендеуі экспорт көрсеткішіне де тікелей әсер еткен. Қазақстан мұнайының басым бөлігі халықаралық нарықтарға экспортталатындықтан, ірі кен орындарындағы өндірістің өзгеруі жалпы экспорт динамикасынан көрініс табады.
#MunarMedia #ASTANA #Қазақстан #Мұнай #Экспорт #Теңіз #Қарашығанақ #Қашаған #Энергетика #Экономика