Қырғызстанның Баткен облысында 20-дан астам шекара қызметкері ұсталды

49

Munarmedia.kz.07.07.2026. ASTANA   Қырғызстанның Баткен облысында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде жүргізілген арнайы операция барысында 20-дан астам шекара қызметкері ұсталды. Бұл туралы Sputnik Кыргызстан агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 5 шілде күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Өзбекстанмен шекарадағы «Қадамжай-автожол» және «Чечме-автожол» өткізу бекеттерінде рейд ұйымдастырған.

Арнайы іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен кеден қызметінің, ветеринариялық бақылау қызметінің және Шекара қызметінің бірқатар қызметкерлері ұсталған.

Агенттік мәліметінше, Қадамжай ауданынан 20-дан астам шекара қызметкері Баткен облыстық ҰҚМК басқармасына жеткізілген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қырғызстанның арнайы қызметі бұл іске қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

#MunarMedia #ASTANA #Қырғызстан #Баткен #ҰҚМК #ШекараҚызметі #СыбайласЖемқорлық #Өзбекстан #Әлем