Қытайда ең көп сатылатын смартфондардың бағасы бір жылда 100 долларға қымбаттады

47

Munarmedia.kz.04.09.2026.ASTANA   Қытайда Honor, Xiaomi, Vivo, Oppo, Huawei, iQOO, Samsung, Lenovo және Apple брендтерінің ең көп сатылатын смартфон үлгілерінің орташа бағасы соңғы 60 күнде өткен 13 айдағы ең төменгі бағамен салыстырғанда 688 юаньға, яғни шамамен 102 долларға өскен.

Кейбір смартфон үлгілерінің бағасы екі еседен астам қымбаттаған. Сарапшылар мұны жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына байланысты жедел жад пен басқа да компоненттер бағасының өсуімен байланыстырып отыр.

Мамандардың пікірінше, бағаның көтерілуі әсіресе құны 150 доллардан төмен смартфондар сегментіне қатты әсер еткен. Бұл нарықта қытайлық өндірушілердің үлесі айтарлықтай жоғары.

Сонымен қатар сарапшылар пайдаланылған смартфондар нарығының өсуін күтеді. Орта және төмен баға санатындағы Android құрылғыларының екінші нарықтағы құны орта есеппен 10 пайызға қымтаған.

Сарапшылардың бағалауынша, қолжетімді смартфондар дәуірі аяқталып келеді. Компоненттер құнының өсуі алдағы уақытта құрылғылардың түпкі бағасына да әсер етуі мүмкін.

Зерттеу компаниясы IDC болжамына сәйкес, 2026 жылы әлемде смартфон жеткізілімі 1 миллиард данадан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға аз. Ал әлемдегі смартфондардың орташа бағасы шамамен 28 пайызға өсіп, 581 долларға жетеді деп күтіледі.

#Смартфон #Қытай #Технология #ЖасандыИнтеллект #Apple #Huawei #Xiaomi #Samsung #Honor #Android #СмартфонНарығы #IDC