Munarmedia.kz.04.09.2026.ASTANA АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 24 қыркүйекте Вашингтонға күтілетін сапары барысында көптеген маңызды әрі нәтижелі мәселелерді талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«ҚХР төрағасы 24 қыркүйекте келеді. Бұл өте қызықты әрі тамаша кездесу болмақ. Мен оны қуана қабылдаймын. Біз көптеген жақсы мәселелерді талқылаймыз. Төраға Си Цзиньпинмен өте нәтижелі келіссөздер жүргіземіз», — деді Дональд Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында.
АҚШ Президенті алдағы кездесуден оң нәтиже күтетінін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел басшыларының келіссөздері АҚШ пен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталмақ.
#ДональдТрамп #СиЦзиньпин #АҚШ #Қытай #Вашингтон #АқҮй #АҚШҚытай #ХалықаралықҚатынастар #Саясат