Трамп Түркиядағы НАТО саммитінде Иранға соққы беру туралы бұйрыққа қол қойды

26


Munarmedia.kz 08.07.2026. ASTANA – АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияда өткен НАТО саммиті барысында Иран аумағындағы нысандарға соққы беру жоспарын мақұлдап, әскери операцияны жүзеге асыру туралы бұйрық берді. Бұл туралы Axios америкалық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, шешім қабылданар алдында Трамп Анкара қаласында АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кеңес өткізген.

Кездесуге АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент және АҚШ Қарулы күштері штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Дэн Кейн қатысқан.

Кеңесте Иранға қатысты әскери іс-қимылдың ықтимал салдары, өңірлік қауіпсіздік мәселелері және АҚШ-тың алдағы қадамдары талқыланғаны хабарланды.

#MunarMedia #АҚШ #ДональдТрамп #Иран #НАТО #Түркия #Анкара #ХалықаралықҚатынастар #Қауіпсіздік