Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 342 адамға жетті

46

Munarmedia.kz. 07.07.2026. ASTANA   Венесуэлада 24 маусымда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3 342 адамға жетті. Бұл туралы ел парламентінің төрағасы Хорхе Родригес үкіметтің ресми деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

5 шілдедегі мәлімет бойынша, табиғи апаттан 16 740 адам зардап шеккен. Билік 86 мыңнан астам отбасыға гуманитарлық көмек көрсеткенін хабарлады. Сонымен қатар 17 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға елеулі зиян келтірген. Жүздеген ғимарат қирап немесе қатты зақымданған.

Еске салсақ, 24 маусым күні кешке Венесуэлада араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі елдің Яракуй штатында орналасқан.

Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

#MunarMedia #ASTANA #Венесуэла #ЖерСілкінісі #ТабиғиАпат #ХорхеРодригес #Яракуй #Әлем #ТөтеншеЖағдай