Munarmedia.kz. 05.08.2026. ASTANA – Wildberries маркетплейсі 2027 жылдың басында Алматы және Астана қалаларында ірі логистикалық қойма кешендерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Алматыдағы қойма кешенінің жалпы аумағы 103 мың шаршы метрді, ал Астанадағы нысанның көлемі 160 мың шаршы метрді құрайды.
Арман Шаққалиев бұл жобаларды іске асыру жөніндегі шешім Ресейдегі Wildberries нысандарына жасалған шабуылдар туралы ақпарат тарағанға дейін қабылданғанын атап өтті.
Сонымен қатар министр Wildberries төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанның отандық электронды сауда алаңдарын дамытуға басымдық беру қажеттігін айтты.
«Қазақстанның Сауда министрі ретінде мен әрдайым отандық маркетплейстердің мүмкіндігін барынша пайдалану қажет екенін айтып келемін. Бүгінгі жағдай сауда саласындағы ең маңызды факторлардың бірі – кепілдік пен сенім екенін көрсетті», – деді Арман Шаққалиев.
#MunarMedia #ASTANA #Wildberries #АрманШаққалиев #Сауда #ЭлектрондыСауда #Логистика #Қазақстан