Мәліметтерге сенсек, сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды. Сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұра заттары мемлекет кірісіне айналдырылды.
10 млн долларды қалай тапқанын дәлелдей алмаған отандасымыз байлығын мемлекетке өткізген
